USD474.83EUR515.38RUB5.5

ШҚО полицейлері 14 бірінші сынып оқушысын мектепке жинауға көмектесті

24 тамыз 2022, 14:33
1 тамызда республика бойынша "Мектепке жол" республикалық акциясы басталды.
ШҚО полицейлері 14 бірінші сынып оқушысын мектепке жинауға көмектесті

Бұл акция Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі және жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал санатындағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

Жалпыреспубликалық акция "Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық"ұранымен 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

– Әр ауданда ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері көп балалы отбасыларға барып, балаларға мектепке қажетті заттарды табыс етті. Ювеналды полиция қызметкерлері акция аясында 66 бала тәрбиеленіп жатқан 22 отбасына мектепке жиналуға көмектесті, оның ішінде 14 бала қыркүйек айында бірінші сыныпқа барады, – деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Полиция департаменті акцияға белсенді қатысуға шақырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar