
- Өткен жеті айда ШҚО-да 113 986 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, - деп түсіндірді Жүнісбеков. - Жалпы сомасы 588 миллион теңгеге 70 890 айыппұл салынды.
Департамент басшысы ауыр құқық бұзушылықтардан 120 соқтығысуды және 53 жаяу жүргіншіні қағып кетуді атап өтті.
- Негізгі себептер жылдамдық режимін, жол қиылыстарынан өту ережелерін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, мас күйінде көлік жүргізу болды, - деп нақтылады полиция полковнигі.