USD474.83EUR515.38RUB5.5

Білім беру нысандары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен жұмыс істеді

19 тамыз 2022, 16:33
Тексеру нәтижесінде ШҚО ТЖД оқу орындарында 2000-нан астам бұзушылық анықталды.
Білім беру нысандары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен жұмыс істеді

ШҚО аумағында бүгінгі күні 653 білім беру нысаны бар.

- Департаменттің аумақтық бөлімшелері ақпан айынан мамыр айына дейін 420 білім беру объектісінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізді, — деді ШҚО ТЖД өкілі Нұржан Өміржанов. — 417 нысан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып пайдаланылып келді. Яғни, 99 пайыз.

Тексеру барысында 2 000-нан астам бұзушылық анықталды. Жіберілген бұзушылықтар үшін 392 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның 320 - ы ескерту алды, 72-і жалпы сомасы 3,6 миллион теңгеден астам айыппұл алды. Бірінші басшыларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ, Нұржан Өміржанов алдын алу шаралары туралы есеп берді. Алдын алу шеңберінде ТЖД нұсқаушылары 4541 мектеп және балабақша қызметкерін қамтумен 179 нұсқама, педагогтар мен балаларды эвакуациялауды пысықтаумен 98 бірлескен оқу өткізді. 10 415 оқушыны қамти отырып, 62 интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

- Жүйелі түрде ата-аналар мектеп чаттары арқылы әлеуметтік роликтер мен ескерту сипатындағы жадынамалар таратылады, - деп толықтырды Нұржан Өміржанов.

ФОТО: inbusiness.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar