USD523.58EUR549.71RUB5.01

Мамандықты дұрыс таңдай алдың ба?..

13 қаңтар 2021, 15:40
Мектеп қабырғасын аяқтауға қадам басқан әрбір жас жеткіншектің ойында «Қайда оқуға түсемін?», «Қай пәнді таңдаймын?» деген сауалдар тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, әрине. Дегенмен, үлкен өмірге алғаш қадам жасағалы тұрған жасөспірімдерге өмірге икемі мен алғырлығына қарай бағыт берген жөн.
Мамандықты дұрыс таңдай алдың ба?..

   Жыл сайынғы жоғары оқу орындарын бітірушілердің 27 пайызына жуығы – экономистер екен. Ал еліміздің еңбек нарығында осы салаға қатысты жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды. Бұл дегеніміз – құр босқа келешекке жарамайтын диплом алу үшін 4-5 жыл уақытын сарп еткені.Осындай уақытта ата-ана және ұстаз болып қазіргі уақыттағы ең тапшы деген мамандықтар тізімін көрсетіп, жол сілтеп жіберсе, ол баланың болашағына деген үлкен жол ашылып, қателесуге келмейтін ғұмырының бір кірпішін қалап берер едік.

  Дамыған заман, барлығымыз да интернет желісін пайдаланып қоймай, әлеуметтік желілерге де тіркеліп, күнделікті өмір құбылыстарын бақылап отырғанда, қандай мамандықтардың қазіргі күннің сұранысына ие екенін білмеуіміз мүмкін емес.

Көптеген жас буынға осындай шешуші сәтте ата-ана қысым жасап жататын кездері болады. Мысалға, болашақ маманымыз тамақ жасауға деген қызығушылығы бар, соған орай аспаз болғысы келеді делік, бірақ, «менің балам оған лайықты емес, прокурор болады, полицей болады» деп баласының қызуғышылығы мен икеміне қарамай, арманына балта шауып жібергенін де білмей қалады.

ҰБТ-дан өтіп, жинаған балына орай мамандақ іздеп, грант санына қарап тосылып қалып жататыны да өтірік емес. «Әйтеуір біреуіне түссем, диплом алсам болды» деп ойлап, басына бұйырған мамандығын бітіріп, өзінің мамандығына деген қызығушылығы болмағандықтан  дипломын сары майдай сақтап қоятындар да бар.

Мысалға, өзімнің сыныптастарымның арасында мектеп қабырғасында білімнен қарағанда домбыраға, ән айтқанға қызығушылығы болған қатарластарымның бірі басына біткен бағы болар сол бағытқа икемделіп, Музыка училищесін бітіріп оркестр құрамында домбыра тартып, жеке домбыраға үйрету  мектебін ашып, жас буынды оқытып еңбегінің жемісін көріп отыр.

     Қазіргі уақытта Қазақстанда тапшы мамандықтарға: жол жөндеуші, дәрігер, дәнекерлеуші, күзетші, жүргізуші және халыққа қызмет көрсету өкілдері, даяшылар қажет екен. Ал болашағы өте зор, сұранысы жоғары болатын мамандықтарға: Инженер, IT саласының мамандары, нанотехнология саласының мамандары, электроника және биотехнология саласының мамандары,  маркетологтар, қызмет көрсету бойынша мамандар, логистер, экологтар, дәрігерлер, химиктер қажет.

   Сөз соңында айтқым келгені – мамандық болашаққа жөн сілтейді. Яғни, оның таңдаған, қалаған саласы алдағы жастық шағын өткеріп, отбасын құруға да негіздейді. Сондықтан да мамандық таңдағанда оның маңызына да үңілген артық етпейді. «Өмірде ең маңызды екі нәрсе бар: біріншісі – мамандық, екінші – жар таңдағанда қателеспеу» деген тұжырым да өмір мысалынан алынғаны анық.

   Бұл келешекте мектеп бітіріп мамандық іздеп, әлі тоқтала қоймаған жастарымызға бір септігін тигізеді деп ойлаймын.

    Қателеспейік!

 

Айжан Жұмағазықызы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:
Бір ғана тілек..
13 қаңтар 2021, 15:48
Қай жаста тұрмыс құрған жөн?
02 желтоқсан 2020, 16:32

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar