USD491.7EUR531.28RUB5.07

Шіріген алма

12 сәуір 2023, 15:53
Кеңес үкіметінен бері билік басында әбден айызы қанғанша отырған көкеміздің бір қасиеті бар екен. Енді ол қасиет шенділердің көбінде бар бір әдет сияқты ғой, орысша айтқанда привычка. Әр жиналыста жасалынған жұмыстарды мінбеге шығып, есеп беретін кезде әлгі көкебайымыз шықпайды, орнына көмекшісі айтады.
Шіріген алма

- Жоспарда тұр.

- Жоспарға аламыз.

- Жоспарға сай.

- Жоспарларда болады.

- Неге жасамасқа? – міне болды.

Ал енді, жаңағы кебеже қарын кең құрсақ көкеміз алма кезек құбылып жүреді. Бірде қабағынан қар жауып, жыны бар бақсыдай суыт болса. Кей кездері көңілі жайдарынқы келсе, екі қолын қарынының үстіне қойып ыхпыш-ыхпыш деп, пырылдап сүтке тойдырған сәбидей сүп-сүйкімді болып, ұйықтап отырады. Шіркіннің момақан түріне қарап оятқыңда келмейді ғой. Біздікілерді жапондар көрсе, таңданып сүйсінетін шығар. Оларда жұмыста ұйықтап қалу көп жұмыс жасап, қызметін белсенді махаббатпен атқарады деп санайды. Жаңағы көкебайдың көмекшісінің қызметін өзінің туған інісі атқарады. Оған қоса мектеп оқитын ұлы да бар екен. Ұстазы тақтаға шығарып үй тапсырмасын сұрап, дәптерін тексерейін десе, былай дейді.

- Мен әлі үй тапсырмасын толықтай орындап бітпедім.

- Жасап жатырмын.

- Дәптерім тұр.

- Үйімде қалған.

- Келесіде болады.

- Болмаса жаңа дәптер ала саламын, – деп қырық сылтауымен сытылып жақсы баға алып жүре береді. Құдайдың құдіреті-ай десеңші, алма алма-ағашынан алысқа түспейді деген осы шығар. Тұлғаны жасауға ықпалы тиетін бірден-бір себепкер ата-ана, және дұрыс тәрбиесі. Екіншіден, ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы дегендей, мектептегі ұстазы мықты болуы шарт. Ел боламын десенң, бесігінді түзе. Ұмытпай, ұйықтамай жүрейік!

                                                                           Ерзат Рахатбек

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:
ОЙЫННАН ӨРТ ШЫҒА ЖАЗДАП…
07 қыркүйек 2023, 16:54
Ежелгі дос
08 ақпан 2023, 10:16
Әдеби қажылық
20 желтоқсан 2019, 17:28

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar