1934 жылы пайдалануға берілген №1 ЖЭО бүгінде 433 көпқабатты тұрғын үйді, 56 әлеуметтік нысанды, 30 бюджеттік ұйымды және 673 коммерциялық кәсіпорынды жылумен қамтамасыз етеді. Орталықтың қолданыстағы жылу қуаты – 276,4 Гкал/сағ.
Аймақ басшысы жылыту маусымында нысандардың тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуі басты міндет екенін атап өтті. Оның айтуынша, биыл жөндеу жұмыстары ерте басталып, кестеге сай аяқталуда. Жылу орталығы күннің күрт суытуына толық дайын.
Сондай-ақ Берік Уәли «343 квартал» орталық жылыту пунктіндегі реконструкциялау жұмыстарының барысын көрді. Жоба аясында 0,84 шақырым жылу желісін ауыстыру, 6 желілік сорғы мен 2 жылу алмастырғыш орнату көзделген.
Биыл Семейде алғаш рет жаз мезгілінде қала тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етілді.