USD467.98EUR533.87RUB6.11

Бірлік пен келісім – Жаңа Конституцияның берік негізі

20 ақпан 2026, 12:36
Семей қаласында Достық үйінің ұжымымен мазмұнды әрі еркін форматтағы диалогтық алаң өтті. Іс-шараны Жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалы ұйымдастырып, жаңа Конституцияның мәні мен маңызын кеңінен талқылауға мүмкіндік жасады.
Бірлік пен келісім – Жаңа Конституцияның берік негізі

Кездесу барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндіріліп, әсіресе 21-бапқа ерекше назар аударылды. Коалиция мүшелері жаңа редакциядағы бұл бап әр азаматтың заң аясында еркін жүріп-тұруына, тұрғылықты жерін таңдауға құқығын айқындайтынын атап өтті. Бұл – жеке адамның еркіндігін, қадір-қасиетін және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды конституциялық кепіл.

Сонымен қатар жиында бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісімнің маңызы, унитарлық құрылым мен аумақтық тұтастықтың сақталуы кеңінен сөз болды. Әділеттілік, Заң және тәртіп, табиғатқа жанашырлық қағидаттарының бекітілуі қоғам дамуының жаңа бағдары ретінде бағаланды. Білім, ғылым, мәдениет, инновация және цифрландыру салаларының басымдығы да ерекше аталып өтті.

Диалогтық алаң ашық пікір алмасу форматында өрбіді. Ұжым мүшелері өз ойларын ортаға салып, нақты сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек түсінуге, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar