Кездесу басталмас бұрын депутат мектеп пен жатақхананың тыныс-тіршілігімен танысып, оқушылардың ғылыми жобаларын тамашалады. Зияткерлер өз зерттеулері туралы толық мағлұмат беріп, бағыттары мен жетістіктері жайлы баяндады. Дәулет Мұқаев жобалардың өзектілігін атап өтіп, тың бастамаларға сәттілік тіледі.
Мәжіліс залында өрбіген жүздесу еркін әңгіме, ашық ойдың алаңына айналды. Халық қалаулысы сөз арасында жастықтың жалынын біліммен ұштастыру, ғылымға бет бұрып, көкірек көзін ашу – әр зияткердің басты мұраты екенін тебірене жеткізді.
Кездесу соңында «Асқар тау» әкелер клубының жетекшісі қонағымызға ақ тілегін айтып, құрмет ретінде шапан жапты. Зияткерлер әннен шашу шашып, өнерлі оқушыларымыздың кездесу барысында қолынан шыққан қонақтың портреті салынған суреті естелікке тарту етілді.