USD467.98EUR533.87RUB6.11

Cемейдегі NIS мұғалімі IMPACT Olympiad байқауының жүлдегері

02 ақпан 2026, 16:01
Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Дастан Абдрахманов VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауында жүлделі II орын иеленді.
Cемейдегі NIS мұғалімі IMPACT Olympiad байқауының жүлдегері

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылатын байқау тәжірибе алмасуға, заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетуге, олимпиадалық дайындықтағы педагогтердің шығармашылығы мен кәсіби құзыретін танытуға арналған бірегей алаңға айналған.

Байқаудың негізгі мақсаты – математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды ұстаздар мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларын анықтау, қолдау және ынталандыру.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar