USD0EUR0RUB0

Бір тамшы мейірім – бір өмірге үміт

20 қараша 2025, 10:12
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ана мен балаға – жүрекпен көмек» атты қайырымдылық акциясы аясында «Ана үйі» қоғамдық қорына арнайы барып қайтты. «Бір тамшы мейірім – бір өмірге үміт» деп ұрандатқан мектеп қауымдастығы – ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар бір апта бойы осы бір игі іске жұмыла атсалысты.
Бір тамшы мейірім – бір өмірге үміт

Шаңырақ жетекшісі Нұржан Касимова бастаған зияткерлерді Ана үйінің қызметкері құшақ жая қарсы алып, қор жұмысымен, ондағы ана мен баланы қолдау бағыттарымен таныстырды. Кейіннен оқушылар мектеп ұжымының аманатын жеткізіп, күнделікті тұрмысқа қажет заттар, бала күтіміне арналған құралдар, киім-кешек пен кішкентай бүлдіршіндерге арналған ойыншықтарды тарту етті.
Алдағы уақытта да шаңырақ «Ана үйі» ҚҚ үйлестірушісі Айнагуль Нуртазинамен байланыста болып, тұрақты көмек көрсетуге ниетті. Акцияға қатысқан баршаңызға алғыс білдіреміз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar