USD0EUR0RUB0

NIS Семей мен Бейжің технология институты серіктестік орнатты

5 сағатқа жетпей
Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде өткен «International Forum on Artificial Intelligence and Education» атты халықаралық форум аясында білім мен технология саласындағы маңызды мәселелер талқыланды. Іс-шараға Бразилия, Малазия, Тайланд, Индонезия мен Қазақстанның білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілі Мәди Измаилов та бар.
NIS Семей мен Бейжің технология институты серіктестік орнатты

Форум Beijing Institute of Technology (BIT) және University of International Business and Economics (UIBE) университеттері ұйымдастырған Халықаралық таланттарды дамыту базасының қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы аясында өтті. Форумшылар Пекин технология институтының кампусымен қатар, ондағы ғылыми-инновациялық зертханалардың жұмысымен танысты.

Сапар барысында BIT және UIBE университеттерінің басшылығымен екіжақты кездесулер өткізіліп, академиялық ұтқырлық пен түлектерді қабылдау бағытында келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қытайдың жетекші инженерлік және зерттеу университеттерінің бірі – Бейжің технологиялық институты арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, қатысушылар Пекиннің Хэпинцзе №1 және Чен Цзинлунь орта мектептеріне барып, тәжірибе алмасты.

  • Бұл сапар екі ел арасындағы білім беру саласындағы қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, НЗМ оқушылар үшін жаһандық деңгейде білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашты, – деп атап өтті Мәди Измаилов.

Айта кетсек, BIT университетінің Чжухай кампусында тек ағылшын тілінде оқытатын Жасанды интеллект мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасы іске қосылған. Бүгінде бұл мамандық еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar