USD0EUR0RUB0

Семейлік зияткер Боливиядан жүлдемен оралды

Бүгін 11:36
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы 11-сынып оқушысыц Әкежан Асқар Боливияның Сукре қаласында өткен 36-шы Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI – 2025) күміс медаль иеленді.
Семейлік зияткер Боливиядан жүлдемен оралды

Биыл әлемнің 98 елінен келген 400-ге жуық мектеп оқушысы бұл зияткерлік сайыста бақ сынады. Қатысушылар күрделі алгоритмдік тапсырмаларды шешіп, бағдарламалық шешімдер әзірледі. Барлық тапсырмалар автоматты жүйе арқылы бағаланды.       

Әкежанның айтуынша,  ол олимпиадаға 8 сыныптан бастап үш жыл бойы дайындалған. Зияткердің үздіксіз еңбегі мен табандылығы оның бүгінгі жетістігінің басты кілті.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық информатика олимпиадасына 1999 жылдан бері қатысып келеді және соңғы жылдары мықты командалардың қатарынан тұрақты орын алып жүр.           

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

2 сағатқа жетпей
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar