
- Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушылар 70 келілік ауыр қапты көтеріп жүру, зерхерді барынша ұзақ ұстау, 32 келі тартатын гір тасын жұлқа көтеру, мойнына 50 келі бөрене қойып отырып-тұру сияқты күрделі сынақтардан өтпек. Сонымен қатар, олар ауыр дөңгелекті аударып, 70 келіден тұратын екі гантельмен фермерлік серуен жасап, соңында автобус сүйрейді. Бұл – спортшылардың шыдамдылығы мен күшін талап ететін нағыз батырлар сайысы болмақ, - деп атап өтті Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Қуат Исажанов.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанған палуандар бағалы сыйлықтармен және қаржылай сыйақымен марапатталды.