USD520.27EUR537.65RUB5.24

Баспахана - халық үнін жеткізуші

3 сағатқа жетпей
Өткен жексенбі, 2 ақпан күні елімізде Баспахана күні аталып өтті. Осыған орай, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспахана қызметкерлерін Ұлттық баспасөз күнімен құттықтап, бұл мереке Елорданың алға жылжуына жанқиярлық еңбегімен үлес қосып жүрген баспахана қызметкерлеріне деген терең құрметтің нышаны екенін атап өтті. "Ұлттық баспасөз қай кезде де халықтың үні, руханиятымыздың тірегі қызметін атқарады. Біз оның бай тарихы мен тағылымды дәстүрін мақтан тұтамыз. Ұлттық сананы нығайтуда газет-журналдардың алатын орны ерекше. Баспасөз - беттері бұл зиялы қауым өкілдерінің қоғамды толғандыратын мәселелері бойынша пікірлерін білдіріп, халықтың үнін жеткізетін құрал ", - деді президент.
Баспахана - халық үнін жеткізуші

Біз өз кезегімізде "Спектр" газеті  ЖШС  баспаханасының қызметкерлерін құттықтау мүмкіндігін пайдалана отырып, осы баспаханада 17 жылдан астам уақыт  қызмет  етіп жүрген полиграфиялық өндірістің инженер-технологы  Виктория  
Сауровамен сұхбаттасқан едік. 

- Бұл мамандыққа қалай келдіңіз?
- Мен бірінші, 1986 жылы Алматы колледжінде инженер-технолог мамандығы бойынша оқыдым. Ол кезде линотип мамандығын тәмамдадым, мұндай мамандық дайындау әр республикада болды. Кейін Мәскеу полиграфиялық институтына түсіп, инженер-технолог мамандығын алдым. Кеңес өкіметі кезінде екі ғана полиграфия институты болған еді, соның бірі Львовта. Естеріңізге сала кетейін, ол кезде әр қаланың, облыстың жеке баспаханалары болатын, мен сол жаққа іссапармен барып тексеріс жүргіздім. Қайта құру мен тәуелсіздік алғаннан кейін, 2007 жылы "Спектр" газеті ЖШС-ына жұмысқа шақырды. Мен мұнда 17 жылдан астам уақыт  жұмыс істеп келемін.

- Бұл баспахананың тарихына тоқталып өтсеңіз, мұнда технология қалай дамыды?
- Бірінші баспахана 1996 жылы ашылды. Алдымен Ресейден әкелінген "Пог-60" деп аталатын алғашқы станок сатып алынды. Бұл механизм барлығын бір орамнан басып шығарды және әдеттегі қара бояудан басқа тағы - көк және қызыл түсті басып шығаратын қызметі бар.  Есімде,  мерекелік нөмірлерді басып шығару үшін екі түсті де пайдаланатынбыз. Біз бұл машинамен 1996 жылдан 2007 жылға дейін басып шығардық. Кейінгі машина барлық түспен басып шығаратын машинаға ауыстырылды. Біз бұл машинаны Үндістаннан - “Sharpline-нан” сатып алдық. Ол қазірдің өзінде төрт орамды басып шығарады және оның максималды басып шығаруы 32 бетті құрайды. Мұнда сіз барлық төрт түсті бір-біріне салып, төрт түсті жолақтарды басып шығара аласыз. Біз әлі күнге дейін бұл құрылғымен жұмыс істейміз.

- Газет шығару және басып шығару процесі қалай жүреді?
- Бұл өте көлемді және ұзақ процесс. Біріншіден, журналистер материал жазуы керек. Оларды өз кезегінде редактор және корректор өңдейді. Содан  кейін дизайнерлер барлық материалдарды компьютерлерге орналастырады. Макет бір апта ішінде өтеді, ал сейсенбіде баспаханаға тапсырылады. Біз, өз кезегінде, төселген жолақтарды пленкаға шығарамыз, содан кейін өңдеуді бастаймыз. Ол үшін бізде қажетті құрал-жабдықтар бар. Біз орнатуды арнайы схема бойынша жүргіземіз. Содан кейін бұл монтаж пленкасы машинада көшіріледі, жуылады, сақталады және пластинада қалдырылады. Бізде түрлі-түсті жолақтар болғандықтан, түстердің сәйкес келуін қадағалау үшін  әрқашан ұлғайтқыш әйнектің көмегімен ең қиын өңдеуді жасаймыз. Ешқандай ауытқулар болмас үшін барлық түстер бір-бірінің үстіне қойылуы керек және олар соңында  түрлі-түсті фотосуреттерді шығарады. Басып шығару алдында көп жұмыс жасалады. Барлық алдын ала құрастыру жұмыстарына біршама уақыт кетеді. Компьютер мамандары бәрін тапсырып жатқанда, біз монтаждау, пластиналарды жасаумен айналысамыз, т.б.

- Осының барлығына қанша сағат кетеді?
- Әдетте бес-алты сағат.

- Өңдеу кезеңінен кейін қандай жұмыстар атқарылады?
- Монтаждадық, бланкілерді жасадық, содан кейін басып шығару басталады. Мұны бас механик ретінде Сергей Полозов басқаратын біздің баспашылар  атқарады. Баспашылардың  жұмысы ол  пластиналарды орау, араластырмау.  Олар қай жерге қою керектігін нақты біледі. Олар мұның бәрін өз бетінше үйренсе де, кәсіби түрде үйренді. Сергей кәсіби  механик, тағы  үш қызметкер  тәжірибесіз келсе де, қазір олар бәрін егжей-тегжейіне дейін үйренді. Бүгінгі күні  біз  ұжым ретінде еш қиындықсыз жұмыс істейміз.

- Басып шығару қанша уақытты алады?
- Айналымға байланысты. Бірақ, бір газетті басып шығаруға барлығы үш сағаттай уақыт кетеді. Алайда, адам факторы да бар болғандықтан соған орай  қателіктер болады, ол да уақытты талап  етеді.
- Сіздің ұжымыңызда қанша адам бар?
- Бұрын газеттер көп болатын, сондықтан адамдар саны да көп болды. Үлкен команда болды, қазір алты адам жұмыс жасайды.

- Баспахана тапсырысқа қанша газет алады?
- Бірінші кезекте өзіміздің газеттер: "Спектр" және "Ертіс өңірі". Біз оларды үлкен машинада басып шығарамыз, барлығы 32 бет. Аймақтық газеттер бар - біз оларды шағын машинада басып шығарамыз,  түрлі-түстілері бар, мысалы, 8 беттік "Ақсуат арайы " газеті. 

- Жұмыс кестелеріңіз қандай?
- Газетімізді сейсенбі күні басып, түстен кейін келіп, кешке дейін жұмыс істейміз. Сейсенбі - баспа күні, ал сәрсенбі - сату күні болғандықтан, қажеттілік туындаса, түні бойы, тіпті таңға дейін жұмыс жасаймыз.  Аягөз аудандық  "Мөлдір сана" газеті бейсенбі немесе сенбі күндері жіберіледі. Біз оны бірден басып шығарып,  сол күні жібереміз. Басқа газеттер әдетте өз жөнелтілімдерін алдын-ала хабарлайды.

- Жұмыстағы қиындықтар туралы айтсаңыз?
- Әрине, сейсенбі - газеттеріміз шығатын күн. Бұл ең маңызды күн. Біз  басқа газеттерге де байыппен қараймыз, бірақ біздің газет көп көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені, олардың екеуі де түрлі-түсті болып басылады және олардың көлемі облыстық газеттермен салыстырғанда айтарлықтай үлкен.
- Бүгінгі күнгі баспахананың жай-күйін  айтсаңыз?
- Ұжым өте тату. Барлығымыз жұмылып, жұмыс жасаймыз. Бірақ біз өз жұмысымызды  жауапкершілікпен орындаймыз. Жігіттер өте жауапты, барлығын соңына дейін жасайды.
- Басып шығару кезінде кедергілер немесе техникалық ақаулар болған жағдайда қандай әрекет жасайсыздар?
- Шамдар сөнгенде немесе қағаз орамы таусылғанда мұндай жағдайлар болып тұрады.  Егер бұл орам болса, біз машинаны тоқтатамыз және оны тез ауыстырамыз, оны айналдырып, бірінші баспаға жібереміз. Егер бәрі дұрыс болса, біз толық басып шығаруды қосамыз. Кейде техникалық ақаулар болады, бірақ бізде құралдарды ерекше деңгейде ұстап тұратын тамаша механик бар. Ол өз жұмысын бес саусағындай біледі.

- Баспашылардың  ең маңызды дағдылары қандай?
- Түстерге жауап беретін бағдарламалар мен жүйелерді білу, тақтайшаларды дұрыс орналастыру және түстердің комбинациясын көру. Бұл жерде ең бастысы  мұқияттылық және сақтық. Қауіпсіздік шараларын сақтау керек, өйткені орамдар өте ауыр, сонымен қатар  құрал-жабдықтарға да жауапкершікпен қарау қажет.

- Мамандығыңыз Сізге несімен ерекше?
- Жалпы, технолог болып жұмыс істегеніме 40 жылдан асты, осы станоктарда жұмыс істеген ұнайды. Мен әріптік баспаны, кейін офсеттік баспаны оқыдым, қазір компьютерлік технологиялар пайда болды. Бірақ мен үшін бұрынғы екі баспа қымбат, бұрынғы баспаларды есіме аламын. Бұл ескі технологияның барлық қалдықтары бұрын облыстық “Полиграфия” мұражайында болған, өкінішке орай, ол қазір  жабылды.

- Баспа ісі болашақта қалай жүргізіледі деп ойлайсыз?
- Менің ойымша, ол шамамен он бес жылдан кейін немесе одан да ертерек тоқтатылады. Жаңа технология пайда болды, қазір барлық журналдар принтерлерде басылады. Барлығы цифрлық интернетке көшуде. Ет комбинаты  зауыты да компьютерлендіруге көшірілуде. Бірақ бізде бір артықшылық бар - принтермен салыстырғанда басып шығару жұмысы, ең көбі он көшірме шығара алады. Біздің офсеттік басып шығару бізге жүз мыңға дейін, тіпті миллиондаған басылымдарды шығаруға мүмкіндік береді. 

- Өз жұмысыңыздың нәтижесін сезіну қаншалықты ұнайды?
- Әрине, ең алдымен газетті қолыма алып, түстердің сәйкестігін қадағалаймын. Бәрі өз орнында болса, мен өте риза боламын. Ең бастысы, халық біздің жұмысымызға  дән риза.

- Ұжымыңыз туралы айтып берсеңіз?
-  Мен айтқанымдай, біз алты адам жұмыс жасаймыз. Бұл Сергей Полозов, механикалық баптаушы, Автомобиль механикалық техникумын бітірген. Менен де ертерек келіп, баспа машиналарын зерттеп меңгерген.  Ол кеткен қателерді және машинаның бұзылуын дереу жөндейді. Жалпы, ол тамаша механик және өз ісінің шебері. Қанат Жакин - жиырма жылдан астам еңбек етіп келеді. Ол бәрін бір қарағанда түсініп жасайды. Монтаж жасаушы -  Ирина Калашникова екеуміз түзетілген жұмыстарымызды  күтуін жиі сұраймыз. Ол  әрдайым шыдамдылықпен күтіп, өз көмегін көрсетеді. Үш баспашы да  мінсіз жұмыс істейді. Ирина Калашникова, мұнда он бес жылдан бері жұмыс жасайды. Ол  өз ісінің білгірі, қашан да сенім білдіруге болады.   Өз жұмысын  жасағаннан кейін де ол газеттің соңғы данасы басылғанша басы-қасында болады. Думан Жұмажанов, Қанат және Бағдат Жакин деген үш баспагерлер де мінсіз жұмыс істейді. Барлығымыз өз ісімізге жауапкершілікпен қараймыз. Мен өз ұжымыма сөзсіз сене аламын - олар мен демалыста болсам да немесе кенеттен ауырып қалсам да жұмыстарын жақсы атқарады. 

- Баспасөз күнін қалай атап өттіңіз?
- Өкінішке орай, бұл мерекені ұмытып кетіппін. Мен әдетімше 5 мамырда тойланады деп ойладым. Басшымыз  Омарбек Қазанғапұлы Байуақовтың кешкі құтықтауы мені таңқалдырды. Бірақ, әдетте біз бұл күнді бірге тойлайтынбыз. Жыл сайын табиғатқа, саяжайға шығып, серуендеп, атап өтеміз.  Өкінішке орай, серіктестеріміз биыл бізді естеріне түсірмеді, тіпті құттықтамады.  Алайда, өз басшымыздан  құттықтау есту жағымды әсер қалдырды!

- Әріптестеріңізге қандай тілек айтар едіңіз?
- Ең алдымен - денсаулық, амандық және газеттердің көбірек баспамыздан шығуын тілеймін. Газет қаншалықты көп болса, соншалықты жұмыс көп болады. Бұрын баспа ісі өте қауіпті жұмыс болғанын білесіздер. Қазір қауіптілік жоқ. Жаңа технологиялардың  пайда болуымен,  қазіргі бояулар аса улы емес, зиянсыз. Бірақ, түнгі жұмыс адам ағзасына бәрібір өз әсерін береді. Сондықтан әріптестеріме  денсаулық, күш-қуат тілеймін!

- Сұхбатыңызға көп рахмет. Сізге және  ұжымыңызға  кәсіби мереке құтты болсын!  Сізге әрқашан мерекелік көңіл-күй тілейміз!
“Ертіс өңірі”

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar