XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасында барлығы 318 медаль сарапқа салынды: 69 алтын, 100 күміс және 149 қола. Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебі ел қоржынын 1 алтын, 2 қола медалмен толықтырды. Информатика пәні бойынша бірнеше мәрте халықаралық бәйгелерде дараланып жүрген Әкежан Асқар алтын медаль иегері атанса, оның әлемдік деңгейдегі жеңісті марафонын жалғастырып келе жатқан ізбасары Арнұр Нұрғазин қола медаль еншіледі. Физика пәні бойынша республикалық, желілік жарыстар да үздік нәтиже көрсетіп жүрген Мирас Амирбеков қола медаль жеңіп алды. Бес күнге жалғасқан олимпиада тапсырмалары күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келіп, халықаралық қазылар алқасымен құрастырылған.
03 ақпан 2025, 15:39
30 қаңтар 2025, 15:40
30 қаңтар 2025, 15:38
30 қаңтар 2025, 14:41
29 қаңтар 2025, 11:18
29 қаңтар 2025, 11:10
29 қаңтар 2025, 11:05
29 қаңтар 2025, 11:02
29 қаңтар 2025, 10:58
29 қаңтар 2025, 10:45
29 қаңтар 2025, 10:39
29 қаңтар 2025, 10:34