USD520.27EUR537.65RUB5.24

Халықаралық ашық шығармашылық конкурста cемейлік ұстаздар жүлдегер атанды

20 қаңтар 2025, 16:49
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұжымы биыл 7 мәрте математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған IMPACT Olympiad VII Халықаралық ашық шығармашылық байқауын ұйымдастырды.
Халықаралық ашық шығармашылық конкурста cемейлік ұстаздар жүлдегер атанды

Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден келген мыңға жуық кәсіби құзыреттерді оңтайлы меңгерген шығармашыл, білікті мұғалімдер мен жаттықтырушылар қатарында Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары да бақ сынап, үздік үштікке енді. Математика пәнінің ұстаздары Нұрғазы Тұрсынғазин мен Ербол Жылкыбаев    жүлделі II орын жеңімпазы атанса, информатика пәнінің мұғалімі Адиль Алимбаев III орын иеленді.                  

  • Аталмыш олимпиадаға екінші мәрте қатысудамын. Себебі, шығармашылық байқау біліктілігімізді сынап қана қоймай, мұғалімдер мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасуға, озық әдістемелер мен тәсілдерді көрсетуге мүмкіндік беретін алаң. Білімді оқушы тәрбиелеу үшін ең алдымен ұстаз үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, әрқашан даму жолында болу керек деп есептеймін, - деп атап өтті Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Нұрғазы Тұрсынғазин.
    Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
    Назарбаев Зияткерлік мектебі
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar