Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылады. Қала әкімінің қабылдауында болған 24 тұрғынның көпшілігі тұрғын үйге қызмет көрсететін(ОСИ,КСК, ПТ) ұйымдарға шағымданды.
Айта кетейік, тұрғындар үйді басқарушы органнан өз еріктерімен бас тартуға құқылы. Сондай-ақ, көп қабатты үйлердің аула аумағының жай-күйіне үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жауап береді: ОСИ, КС, ПТ, кондоминиум, басқарушы компаниялар. Олар осы үйлердегі пәтер иелерімен бірлесіп аула аумағында тиісті шаралар қабылдаулары керек.
Өтініш білдіргендердің барлығына түсініктеме берілді. Ал жауапты органдарға көтерілген мәселелерді қысқа мерзімде шешу тапсырылды.
Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлы 44 А және Шугаев 163 мекенжайының тұрғындарымен кездесті
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлы 44 А және Шугаев 163 тұрғындарымен кездесті. Қарағайлы 44А мекенжайының тұрғындары бұдан бұрын қала әкімінің жеке қабылауына келіп, тұрғын үйді салушы құрылыс компаниясына шағымданған болатын. Бүгін әкім Қарағайлыға барып аталған тұрғын үйдің проблемалық сұрақтарын бөлім басшыларымен бірге талқылады.
Тұрғындар жеделсатының жиі істен шығатындығына, шатырды қайтадан қалпына келтіруге және тұрғын үй жертөлесіндегі жылу қабылдауыштың жұмысын реттеуді сұрады. Нұрбол Төлегенұлы Тұрғын үй инспекция бөліміне тұрғын үйді басқарушы орган (ОСИ) жұмысын қатаң бақылауды және лифт жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. Құрылыс бөліміне жылу құбырларының жұмысын ретке келтіру бойынша тапсырма берді.
Айта кетейік, көп қабатты үйлердің аула аумағының жай-күйіне үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жауап береді: ОСИ, КС, ПТ, кондоминиум, басқарушы компаниялар. Олар осы үйлердегі пәтер иелерімен бірлесіп аула аумағында тиісті шаралар қабылдаулары керек.
Шугаев 163 мекенжайының тұрғындары әкіммен кездесу барысында қуараған ағаштарды кесуді, жаңа қоқыс алаңдарын жайластыруды және аулашілік жолдарға асфальт салу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Әкім ағымдағы жылы қоқыс контейнері орнатылатындығын, қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.
Сондай-ақ, қала әкімі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Морозов көшесіне барды. Мердігерлерге жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Қазіргі уақытта Морозов көшесіндегі асфальтбетон жабынын фрезерлеу аяқталып, негізгі жұмыстар басталды. Дулатов, Гагарин көшелерінде асфальттың бірінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді, жақын уақытта екінші қабат төселетін болады. Сондай-ақ, алдағы күндері Энергетик шағын ауданының негізгі жолында жөндеу жұмыстары басталады.
Қабанбай батыр көшесіндегі жерасты өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Базар маңындағы жерасты өткелінде қазіргі таңда кәсіпкерлер сауда орнын жасап алған. Бұл адам ағыны көп базар маңынан өтетін жүргіншілерге қолайсыздық тудырады.
Семей қаласында 8 жерөткелі бар, 2023 жылы өткелдердің 4-уіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 2 өткелге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қ. Мұхамедханов көшесіндегі өткелді жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов өткел ішінде сауда жасап тұрған саудагерлермен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
— Сауда жасауға арнайы базар бар. Бұл жүргіншілер орны, яғни қоғамдық орын. Сіздерге кәсіпкерлік бөлімі сауда жасауға арнайы орындар ұсынады. Өздеріңіз ұнаған жерге барып сауда жасай бересіздер. Ешкім кәсіптеріңізге кедергі келтірмейді. Ал бұл өткелге жоспар бойынша жөндеу жұмыстарын бастаймыз,– деді әкім Нұрбол Нұрсағатов.
Жөндеу жұмыстары кезінде электр сымдары ауыстырылып, бейнебақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ, өткелдің қабырғаларын сырлау жұмыстары жүргізіліп, музыкалық колонкалар орнатылатын болады.
Семейдің басты даңғылының жаңа көрінісі
Семейді абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Қаламыздың ең басты даңғылдарының бірі саналатын Шәкәрім және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында қоғамдық кеңістік пайда болады.
Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов мердігерлік ұйым өкілдерімен аталған аумаққа барып, қоғамдық кеңістікті абаттандыру мәселелерін талқылады.
Қала әкімі сәулет бөлімінің басшысына «Восход» дүкені алдындағы жазғы дәмхана мен павильондарды демонтаждау бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл даңғылдар қаланың орталығы болғандықтан, бұл аумақты абаттандыру міндетті болып табылады.
Сондай-ақ жұмыс тобы аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше мекенжайды аралады. Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге тек сапалы материалды пайдаланып, жұмыс күшін арттыруды тапсырды. Айта кету керек, биыл Семей қаласында 46 аула аумағы абаттандырылады. Жұмыстар Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.
Нұрбол Нұрсағатов Жоламан кентіне барды
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Жоламан кентіндегі барак типті үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әкім тұрғындардың өмір сүру жағдайлары мен олардың мәселелері туралы тыңдады.
Қазіргі уақытта тұрғындар тұрып жатқан үйлер ғасырдан асып, қауіпті жағдайда тұрғандықтан, олар үйлердің сүрілу мәселесін көтерді. Нұрбол Нұрсағатов азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту қалалық әкімшіліктің басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша әкім тұрғын үй қатынастары бөліміне апатты үйлерді сүру бойынша жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.