Концерт лазерлық шоу, Б.Түлегенованың бейнеқұттықтауымен және қатысушылардың «Мама» әнімен бастау алды. Байқауға қатысушылардың шығармашылық ізденістерін кәсіби бағалай алатын Х Республикалық ән байқауының құзырлы қазылар алқасын таныстырды. Олар: Хасан Шәріпұлы Исраилов - сурдоаудармашы, «Хабар» телевизиясының дикторы, Қазақстан саңыраулар қоғамының құрметті мүшесі. Маржан Аманбердықызы Бахатова – «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. Мапруза Қадешқызы Утуленова – «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері, «Шапағат» орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Әмре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының» әншісі. Нұрлан Муқтарханұлы Тутунов- «Әмре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның» көркемдік жетекшісі және әншісі, халықаралық және Республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты, «Өнерге қосқан үлесі үшін» медалінің иегері. Яна Александровна Шевченко - «Art House» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, халықаралық көп жанрлық шығармашылық байқаулардың ұйымдастырушысы. Аталмыш мерекелік концертте Б.Төлегенованың өміріне және шығармашылығына арналған фотогалереяны да қала халқының назарына ұсынылды.
Байқау ымдаудың екі жанрында өтті: «Жеке орындау» және «Ансамбльдік орындауы, яғни дуэт немесе трио».
Байқау қорытындысы мен мараппаттау салтанатына Семей қаласының әкімі Н. Нұрсағатов қатысты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 3 000 000 тг құрады.
“Әнші қолдар әлемі” гала-концертінің жеке орындауының бас жүлдесін “Туған ел” әнімен, Пертопавл қаласынан келген Айнұр Саинова иеленсе, І орын иегері Павлодар қаласы Айсана Қажыкенова, ІІ орын иегері Семей қаласынан Зарина Ыдырысова, Өскемен қаласы Наталья Петриченко ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Концертті қорытындылай келе ансамбль бойынша Алматы қаласы Анастасия Самойлова, Елдос Маратұлы бас жүлде иегерлері атанды. І орын Қостанай қаласы Антон Распутний, Милена Қасымова, ІІ орын Атырау қаласы Перизат Сүлейменова, Малик Цой, ІІІ орын иегерілері Қостанай қаласы Ернұр Самен, Нұрым Дүйсен атанды. Және де кеш соңында байқауға қатысушылар ұйымдастырушыларға зор алғыстарын айтып, ыстық ықыластарын білдірді.