USD472.62EUR513.22RUB5.43

Семейде аула аумақтарын абаттандыру белсенді жүргізілуде

28 мамыр 2024, 17:23
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласындағы аула аумақтарын жөндеу, абаттандыру, жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 2024 жылы қаланың 46 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Оның ішінде 14 аула, 4 қоғамдық кеңістік абаттандырылады.
Семейде аула аумақтарын абаттандыру белсенді жүргізілуде
Аула аумағын абаттандыру жұмыстарына жаяу жүргіншілер жолының тақтайшаларын ауыстыру, көшелерді жарықтандыру, футбол, спорт алаңдарын, шағын сәулет нысандарын орнату, гүлдер мен көшеттерді отырғызу кіреді.
Қазіргі уақытта абаттандыруға жататын аула аумақтары комиссия шешімімен анықталды. Комиссия құрамына жекелеген бөлімдердің басшылары, депутаттық корпус, қоғамдық кеңестің өкілдері енген.
Семей қаласының алаңдарын күтіп ұстау шеңберінде ескерткіштерге, шағын сәулет нысандарына, спорт, балалар ойын алаңдарына жөндеу жүргізу, тас төсемдерді ауыстыру, гүлзарлар салу, ескерткіштер мен субұрқақтарды күтіп ұстау жоспарлануда.
2024 жылы 37,9 км жылу желісін жаңғырту, 10 жылу көзін жөндеу бойынша 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жыл қорытындысында жоспарланған жобаларды іске асыру нәтижесінде Абай облысында жылу желілерінің тозуы 64,2%-дан 56,4%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Бұдан басқа, меморандумдар шеңберінде 7 жылу көзін, 3 жылу желілері учаскесін және 32 жылу желілері бар ЦТП қайта құру мен салуға ЖСҚ әзірленуде.
Нәтижесінде мердігер ұйымдарға, сондай-ақ облыс әкімдігінің басқармаларына процесті бақылау, сондай-ақ барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar