
Орталық саябақта тұрғындар қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер, жануарлармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Абай атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған тақырыптық көрмені тамашалауға мүмкіндік туды.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар назарын қорғалатын табиғи аумақтардың мәселесіне аудару, қорықтарды сақтау мен дамытуға нақты көмек көрсету, халықтың жабайы табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыру.
2024 жылы резерватта көшеттерді ауқымды түрде отырғызу жоспарланған. 6 100 гектар жерге 28 миллион 700 мың ағаш отырғызылады деп күтілуде. Бұл науқан екі кезеңде жүреді. Көшеттердің 5 000 гектардан астамы көктемде, ал қалған 961 гектары күзде отырғызылады.