
Жұмыс тобы «103-103А» қазандығынан «Нива» дүкеніне дейін магистралдық жылу желілерін, «Орталық» қазандығынан Қ.Мұхамедханов көшесімен ОЖП-8 дейін магистралдық жылу желілерін, ОЖП-507 және кварталішілік жылу желілерін, ОЖП-15/1 және кварталішілік жылу желілерін, ОЖП-66 және кварталішілік жылу желілерін реконструкциялау және Қарағайлы шағын ауданында қуаттылығы 50 МВТ блокты-модульдық қазандығын орнату жұмыстарымен танысты.
Сапар аясында коммуналдық қызмет және мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын бәсеңдетпей керісінше кестеге сәйкес сапалы әрі уақытында орындау тапсырылды.