
Қабылдау барысында барлығы 28 өтініш қаралды. Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру және т.б. мәселелермен де жүгінді.
Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтардың өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді. Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.