Осы орайда Абай гарнизонының түраралық «Шығыс» оқу жаттығу полигонында артиллерист – жауынгерлер артиллериядан кезекті оқ ату оқу-жаттығуын өткізді. Нақтырақ айтқанда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 28738 әскери бөлімі жауынгерлкік даярлықтың жоспарына сәйкес жеке құрам біріктірілген есетоп құрамында артиллерияның атысын көрсетті. Онда жауынгерлер 220 мм «Ураган» реактивті дүркін ату жүйесі мен 152 мм «Гиацинт» сүйреткіш зеңбірегінен оқ жаудырды. Бұл шараға мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздар да қатысты.
Артиллериядан оқ ату жаттығуына аталмыш бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары майор Жандос Есеркепов жетекшілік етті. Атыс алаңына орналасқан 1-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионның артиллерист – жауынгерлері берілген тапсырмаларды орындауға дайын болды. Олар алғашқыда қарсылас тарапынан атқылауға ұшырап, жаудан қорғану әрекетін көрсетті. Кейін артиллерист – жауынгерлер белгіленген уақытпен және берілген пәрменмен артиллериядан қарсы оқ атты. Айта кетейік, бұл жолғы өткен оқу-жаттығуының ерекшелігі – зеңбіректер аралары бір шақырым қашықтықта орналасты. Бұл әдіс бұрын қолданылып көрмеген дейді, бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары майор Жандос Есеркепов.
Оқу-жаттығуда 3-ші реактивті артиллериялық дивизионы да берілген тапсырманы нықты және дәл уақытында орындай білді. Жауынгерлер 220 мм «Ураган» реактивті дүркін ату жүйесінің нағыз маманы екендіктерін көрсетті. 28738 әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары майор Жандос Есеркеповтің айтуынша, артиллерия – бұл кез келген іс-қимылды топтасып атқаратын әскер түрі болғандықтан, берілген тапсырмаларды орындау кезінде әр маман иесі берілген бұйрыққа бірден кірісіп кетеді. Мәселен, барлаушы қарсыластың бағытын біліп, орналасқан орнын нақтыласа, топогеодезист өздерінің ұрыстық тәртібінің бағытын белгілеп анықтайды. Атыс кезіндегі ауа – райының құбылуы да маңызды екен. Оны метеоролог есепке алады. Сәйкесінше есептегіш мамандар – белгіленген нысанаға дәл тигізуді есепке алады. Ал есептоптың еш кедергісіз байланысқа шығуын байланысшылар қамтамасыз етеді.
Сөзімізді қорыта айтатын болсақ, түраралық «Шығыс» оқу жаттығу полигонында өткен артиллерианың атысы жоғары деңгейде өткізілді. Осылайша, 28738 әскери бөлімі жауынгерлік даярлықтарын тағы бір мәрте пысықтап алды. Ең бастысы мерзімді қызметін өткеріп жүрген сарбаздар қос қару түрімен атудан тәжірибе алды. Олар артиллерия құрамында Отан алдындағы борыштарын өткеріп, осындай ату-жаттағуларына қатысқандарына қуанышты екендіктерін жеткізді.
Aбай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі