USD443.37EUR474.49RUB4.83

Семейлік жастар халықаралық шарада топ жаруда

16 қаңтар 2024, 10:25
Ресей Федерациясы, Сочи қаласында өтіп жатқан «КиВиН-2024» Халықаралық КВН ойындарында Семей медицина университетінің «Қыздарский» КВН командасы топ жарды.
Семейлік жастар халықаралық шарада топ жаруда

Әлемнің түпкір-түпкірінен келген 600 қатысушы командалардың жарысында жерлестеріміз біріншші ойын күні сәтті өнер көрсетіп, 5 мүмкін жұлдызшадан 5 алып командалар рейтингінде көш бастады.

Залдың және редакторлардың ерекше қошеметіне бөленген қыздарымызға, ұйымдастырушылар, редакторлар, продюсерлар, режиссерлар тарапынан бір-қатар ұсыныстар келіп түсті.

Фестиваль қаңтар айының 25-ші жұлдызына дейін жалғасатын болады. Ұйымдастыру алқасының арасында жүріп жатқан ақпараттарға сүйенсек, жерлестерімізді «ТНТ» телеарнасының «Лига городов» немесе «АМиК» телекоманиясының элиталық лигасынан көріп қалуымыз мүмкін.

Айта кетейік, «Қыздарский» КВН командасы Қазақстанда 2023 жылғы Республикалық «Номад» лигасының және Абай облысының чемпиондары.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar