USD442.05EUR474.14RUB4.74

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіне - 35 жыл

11 қаңтар 2024, 10:09
Қазақстандағы өркениет пен тарихтың алтын ордасына айналған Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің 35 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіне - 35 жыл

Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев музей ісін дамытудағы музей директоры Татьяна Стромскаяның ерекше еңбегін атап өтті.

«Музей – өркениет пен тарихтың алтын ордасы. Өткеніміз бен болашағымызды байланыстыратын алтын көпір. Мәдени, тарихи және көркем мұраны сақтайтын әлеуметтік институт. Өңіріміздегі осындай алтын орданың бірі - Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің құрылғанына 35 жыл толды. Осы уақыт ішінде бұл музей - еліміздегі көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі мәдени нысандардың біріне айналды.», – деді әкім орынбасары.

Іс-шара барысында «Жаңа түсімдер» атты екі көрменің ашылуы өтті, көрмеде соңғы жылдардағы музейдің сатып алған ең қызықты туындылары ұсынылған. Олардың ішінде біздің қалалық суретшілеріміз Талғат Татиев, Ғұмар Макаров, Виктор Шмидт және т.б. көркем туындылары. Сондай-ақ, Бақтияр Табиевтің құтқарылу және өмірге қайта оралуы туралы әңгімелейтін «Көркемсурет хирургиясының құпиясы» көрмесі бар.

Мерейтойға орай екі кітап жарық көрді: «Невзоровтар отбасы музейінің 35 жылдығына» альбом, онда соңғы жылдардағы жаңа келіп түскен картиналар ұсынылып отыр, олардың көпшілігі мерейтойлық көрмеге кірмеген. Бүгінде оларды тек кітаптан және музей орналасқан ғимараттың тарихын баяндайтын «Көпес Степановтың үйі» альбомынан көруге болады. Қатысушылар үшін концерттік бағдарлама дайындалып, онда республикалық конкурстардың лауреаттары өнерлерін көрсетті.

Анықтама үшін: Музей 1985 жылы құрылған. Қазіргі уақытта мұнда 5517 сақтау бірлігі бар. Мұражайда барлығы 22 көрме залы бар. Экспозиция Қазақстан өнері, орыс кескіндемесі, кеңестік кезең өнері және 17-20 ғасырлардағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасы бөлімдері бойынша ұсынылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar