
Бұдан бөлек, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалағадағы энергетика саласына еңбегі сіңген мамандарға алғыс айтып құттықтау сөз сөйледі.
“Сіздер күн сайын ауа райының маусымы мен мерзіміне қарамастан, қаламыздың игілігіне адал қызмет етесіздер. Өндірістік міндеттерді орындау және өзара көмек көрсету жауапкершілігі үшін әріптестеріме Семей қаласы әкімдігі атынан зор алғысымды білдіремін»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Шара барысында қала әкімі қарапайым еңбегімен көзге түскен «Теплокоммунэнерго» МКК және «БЭСК” АҚ мамандарына Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыстады.