
Биыл егемендігімізді айқындайтын Тәуелсіздігімізге 32 жыл толып отыр. Азаттық үшін жан кешкен желтоқсан көтерілісінде қаншама намысты жастар азап шекті. Тәуелсіздікті ту еткен – желтоқсаншылардың ерлігі зор құрметке ие, жас ұрпақа үлгі өнеге. Егемен ел болу мәртебесін көру, бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Құрметпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов