USD502.47EUR525.83RUB5.68

Тұрғындармен кездесу жалғасуда

07 желтоқсан 2023, 10:52
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 2023 жылдың 29 қарашасы күні Семей қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу Семей қаласының 70,71,72 квартал және Орталық аудандардың тұрғындарымен өтті. Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысу мен өтті.Барлық бөлім басшыларына тұрғындар көкейінде жүрген өзекті сауалдарын қойып мәселелерінің шешу жолын тапты.Жиын басталасалсымен қала әкімі жыл бойы атқарылған жұмыстарымен халықты таныстырды.
Тұрғындармен кездесу жалғасуда

Биыл қаламыз әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері жоғары өсімге қол жеткізді. Оның ішінде: Өнеркәсіпте 36,1%-ға оң өсу қарқыны байқалады; агроөнеркәсіптік кешенде 19,1%; саудада 9,8 %; негізгі капиталға инвестициялар көлемі 48,3% - ға ұлғайды; құрылыс жұмыстары 43,7% - ға ұлғайды.

        2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қаладағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны- 30 000. Салада 60 000-нан астам адам жұмыс істейді. Семей қаласында жұмыспен қамтылғандардың үлесі Абай облысы халқының 63% құрайды.

         2023 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін салық түсімдері мен төлемдерінің көлемі 6,2 млрд. теңгені құрайды. 2022 жылдың ұқсас кезеңіндегі өсу қарқыны 112,0 % (5,5 млрд. теңге)құрайды

2023  жылдың қаңтар-қазан айларында  182 296 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, 2022 жылдың тиісті кезеңінен  12 921 ш. м. артты.

Қазіргі уақытта қала шегінде 20 көпқабатты бюджеттік тұрғын үй және 27 коммерциялық үй салу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың соңына дейін қала шегінде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан 17 көпқабатты тұрғын үйдің (487 пәтер) құрылысы аяқталады.

   Баспанамен қамту бағытында. Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 14 003 құрайды (ата-анасының қамқорлығынсыз 1812 жетім балалар,  29 жасқа дейін, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар, 1547 көп балалы отбасылар, 5136 халықтың әлеуметтік осал топтары, 5471 бюджет қызметкерлері, 37 тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.

2023 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан Қарағайлы шағын ауданындағы  № 17 көппәтерлі тұрғын үйде 72 пәтер мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрған азаматтарға берілді. Сондай-ақ, көпбалалы отбасы санатында тұрған отбасыларға бір қабатты 72 жеке үй Ұшақтар кентіндегі Архат және Бөдене көшелерінен берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған 50 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar