USD474.83EUR515.38RUB5.5

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

15 қараша 2023, 17:49
Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Биыл төл теңгеміздің айналымға еңгеніне тұп-тура 30 жыл толып отыр. Еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерге семейлік қаржы саласы қызметкерлерінің де қосқан үлесі аз емес. Тәуелсіздік туы астындағы 32 жыл ішінде Семей қаласы дамудың талай белесін артқа тастап, қиындықтарды жеңіп, жылдан-жылға гүлденіп келеді.

Өнеркәсіптік өнімнің көлемі соңғы бір жарым жылда 1.5 млрд теңгеге көбейіп, қала бюджетінің көлемі анағұрлым артты. Қаламыздың экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты.

Қазіргі таңда қаламызда екінші деңгейлі 12 банк филиалы мен 47 валюта айырбастау пунктері халыққа қалтқысыз қызмет атқарып тұр. Сіздер– қаржыгерлер қаламыздың қаржы-қаражат саясатын іске асыруда қанатымен су сепкен қарлығаштай ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай қызмет етіп келесіздер. Сол себепті бұл күн қаржыгерлер үшін аса маңызды, айрықша қадірлі күн деп білемін.

Қадірлі қаржыгерлер, сіздерге осындай айтулы мереке күні отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, істеріңізге сәттілік тілеймін. Тәуелсіздігіміз де, теңгеміз де тұғырлы болсын!

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar