USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей қаласының әкімінің орынбасары пәтер иелері кооперативі мен меншік иелері бірлестігінің өкілдерімен кездесті

09 қараша 2023, 11:55
Семей қаласы әкімінің орынбасары әкімдік ғимартында Рамиль Досмағанбетов пәтер иелері кооперативі мен меншік иелерінің өкілдерімен кездесті.
Семей қаласының әкімінің орынбасары пәтер иелері кооперативі мен меншік иелері бірлестігінің өкілдерімен кездесті

Жиынға қалалық коммуналдық мекеме басшылары мен қалалық әкімдіктің бөлім басшылары қатысты. Басқосуда қозғалған басты мәселе қоқыс алаңдарын жабдықтау мен электрмен жабдықтау мәселелері болды. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан тұрғын үйді басқарушы органдарына қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Кеңейтілген жиында осы мәселелердің бірқатпры талқыланды.

Жиын барысында бұрынғы ТҮКШ бөлімінің басшысы зейнеткер А. Утелбаев және т.б. кооператив мүшелері өз ойларын ортаға салды. Жиынға қатысқан коммуналдық мекеме басшылары тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін мәлімдеді.

Жиын барысында Рамиль Майшұланұлы кооператив басшыларына қыс маусымының жақындап келе жатқандығын еске салып, көп қабатты үйлердің аулалары үйге қызмет көрсететін компаниялардың (КСК, ОСИ, УК, ПТ, кондоминиум) жауапкершілік аймағы екенін ескертті.

Айта кетейік, қабатты үйдің ауласы, ауласына кіреберістер көше-жол желісіне жатпайды. Оны үйлерге қызмет көрсететін компаниялар күтіп ұстаулары тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar