USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде ІТ-қызметтерін экспорттау үшін фрилансерлерді дайындау үстінде

09 қараша 2023, 11:50
Семейде UpStars білім беру жобасы іске қосылуда. Білім бағдарламасы Абай облысындағы 40 дарынды IT мамандарына деректерді талдау саласында біліктілігін арттыруға және жұмыс табуға мүмкіндік береді. Офлайн курстар Әлихан Бөкейхан атындағы университетінің Abay IT Valley негізінде екі айға созылады. Курсты аяқтаған соң студенттерге 6 ай бойы тәлімгерлер көмек көрсетеді.
Семейде ІТ-қызметтерін экспорттау үшін фрилансерлерді дайындау үстінде

UpStars — бұл Абай облысының 40 білікті және дарынды адамдарына IT саласы бойынша кәсіби білім мен жаңа дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Upwork.com платформасы арқылы немесе тікелей шетелдік компанияларда жұмысқа орналасуға жағдай жасайды. Жоба қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың ірі халықаралық фриланс платформаларына орналастыруға бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – Астана мен Алматыдан бөлек еліміздің басқа аймақтарында жаңа жұмыс орындарын ашу және IT-қызметтердің сыртқы нарықтарға экспортын арттыру. Солтүстік Америка, Батыс Еуропа және Парсы шығанағы аймақтарына басты назар аударылған.

Бірінші ағын ағылшын тілін орташа деңгейден (Intermediate) кем емес деңгейде білетін қатысушыларға және деректерді талдау мен визуализация саласына арналған. Ағымдағы жылдың 13 қараша мен 12 қаңтар аралығында Nomad Star мектебінің сарапшы-практиктері мен Мадина Шарипова Семейдегі Әлихан Бөкейхан атындағы университетінде және Абай IT-Valley технологиялық кластері негізінде толыққанды оффлайн курс өткізеді. Семейдегі серіктестер қаладан тыс аймақтардан курсқа келген қатысушыларды жұмыс орны мен жатақханамен қамтамасыз етеді.
Жоба жұмысқа тұруға көмектеседі, бірақ қатысушылар алты ай ішінде оқу және трекинг шығындарын өтеу керек. Бұл бағдарламаның өзін-өзі қаржыландыруына мүмкіндік береді және бүкіл Қазақстан бойынша кейінгі ағындардың өтуіне жол ашады.


«Семейде тұрып, бүкіл әлеммен жұмыс жаса!» - осы жобаның ұраны. Аталмыш әлеуметтік бағдарлама еліміздің аймақтарында Astana Hub командасы ашқан филиалдарын қамтуды да көдейді. Бағдарламаға қатысушылар кәсіби дағдылармен қоса, өздерінің қызметтерін халықаралық нарықта сатуға және жоғары ақы төленетін келісім-шарттарға қол жеткізуге де үйренеді. Оқуды аяқтағаннан кейін келесі алты ай ішінде барлық қатысушыларға Upwork.com платформасы арқылы тиімді жұмысқа орналасу және шетелдік компанияларда қашықтықтан жұмыс істеу үшін қолдау көрсетіледі.

Болашақта Astana Hub-тың басқа облыс орталықтарындағы аймақтық бөлімшелерінде оқу ағындарын өткізу жоспарлануда.​
Бірінші ағынға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 11 қарашасына дейін қабылданады. Тіркелу формасын https://yessen.co/upstars/ сілтеме бойынша толтыруға болады.


Бағдарламаның ұйымдастырушысы – Yessen & Company. Жобаға FreedomTelecom, Sergek Group, Nomadstar, Abay It Valley және Мадина Шарипова қолдау көрсетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar