USD502.47EUR525.83RUB5.68

Мерзімді қызмет орнына ұшақпен аттанды

11 қазан 2023, 15:24
Күзгі шақырылу науқанына байланысты Абай облысы Семей қаласынан 20 болашақ жас сарбаздар Ақтау гарнизонына отан алдындағы борыштарын өтеуге ұшақпен аттанды.
Мерзімді қызмет орнына ұшақпен аттанды

         Абай облысы шақырылу пунктінде Ақтау гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеуге 20 әскерге шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Өз ұлдарын мерзімді қызметке шығарып салуға ата-аналары, жақын туыстары, достары және әскери оркестр келген. Салтанатты шығарып салу митингінде болашақ отан қорғаушылардың жақындары сөз сөйлеп, ұлдарына ақ жол тілеп, мойымай қызметтерін өтеуге баратындармен құттықтап, әскери тәртіпке тезірек сіңісуді айтты.

          Шығарып салу рәсімінің ресми бөлімі аяқталғаннан кейін аттанатын сарбаздарға жақындарымен қоштасуға мүмкіндік берді. Көңілі босаған ата-аналар ұлдарын құшақтап, бауырына басып, әскердегі қызметін абыроймен атқарып, оралуын тіледі.

         Абай гарнизонының 54835 әскери бөлімінде жас толымды тасымалдауға арналған Ан-26 әскери ұшағы экипажымен қарсы алып, ұшақ ішіндегі тәртіпті түсіндіріп, ұшатын маршруттарын жеткізді.

-Әскерге бармай жатып жас сарбаздарға бүкіл жағдай жасалғанын өз көзіммен көріп, тәнті болып отырмын. Сонау Ақтау қаласына бізді жеткізу үшін Талғат Бигельдинов атындағы ұшақтың келгендігі маған қызметімді атқаруға деген күшті серпін бергендей, - дейді шақырылушы Арман Амангелді.

Еске сала кетейік Қорғаныс министрлігі тарапынан қазіргі уақытта мерзімді қызметін өтеуге баратын жастарға арналған несиелік демалыстар, жоғарғы оқу орнына тегін түсу мүмкіндіктері де қарастырылған.

 

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar