
Кездесу барысында Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыс, оның ішінде Семей қаласындағы үндістандық студенттердің жоғары білімі туралы сөз қозғалды.
“Қазіргі таңда Семей қаласының Медициналық университетінде 500-ден астам үндістандық студент білім алуда. Біздің де студенттер Үндістан еліне үнемі тәжірбие алмасуға барып тұрады”,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 елдің елшілерін қабылдап, “Сенім” грамоталарын тапсырған болатын. Оның ішінде Нагендра Прасад та бар.