
Сондай-ақ Өзбекстанда гір спортынан өткен халықаралық чемпионатта 10810 әскери бөлімінің взвод командирі 3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышев пен 10810 әскери бөлімінің аға маман-шебері 3-сыныпты сержант Тілеужан Жанабеков бірінші орынды қанжығаларына байлады. Ал 02352 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Берік Қазрытканов екінші орынға ие болды. Байрақты бәсекеде бағы жанған әскери қызметшілерді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев құттықтады. Ол әрбір спортшыға жылы лебізін жолдап, он бес күнге демалыс жариялады. Ал спортшылар болса берілген демалысты барынша нәтижелі пайдаланып, алда өтетін жарыстарға дайындық жаттығуларына жұмсамақ.
- Қарсыластарым осал болмады. Барлығы да әккі балуандар. Дегенмен мен бұл сайыста әскер спортының қандай деңгейде екендігін көрсеткім келді. Жалпы мен алты жасымнан бастап спортпен айналысамын. Менің мақсатым - елімнің көк байрағын биіктен желбірету. Осы мақсатыма қолдау танытқан жандарға айтар алғысым шексіз, - дейді 27943 әскери бөлімінің гарнизондық спорт кешенінің бастығы аға лейтенант Талғат Әміренов.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі