USD451.03EUR487.47RUB4.94

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» әскери қызметшілер арасында талқыланды

19 қыркүйек 2023, 09:50
Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің өкілдері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы аясында Абай өңірлік гарнизонының жауапты қызметкерлерімен кездесті. Жиынға саптық бөлімнің, кадр қызметінің, қаржы қызметінің мамандары, заңгерлер мен әскери бөлім командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  әскери қызметшілер арасында  талқыланды

         Кездесу барысында Қорғаныс министрлігінің өкілі полковник Дәурен Оразбеков жиналғандардың назарына азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезіндегі әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарын және Қазақстан Республикасы бас прокурорының  2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығы түсіндірілді. Тәжірибеде өтініштерді қарау ережелері, түрлері,                 «E-Otinish» қосымшасын пайдалану тәртібі мен  мерзімдері және азаматтардың өтініштеріне жауаптарды уақытылы ұсыну көрсетілді.

       – Қазір сандық дәуір, біз барлық азаматтардың өмірін жеңілдететін қосымшаларды көбірек қолданамыз. Сізге қазір кездесуге жазылудың және қабылданғанша күтудің қажеті жоқ, барлығын смартфон арқылы бірнеше рет басу арқылы жасау өте оңай және қарапайым. Әскер де заман ағымына ілесіп, жекелеген әскери бөлімдер мен мекемелерде Қазақстан Республикасының азаматтарын қызықтыратын сұрақтарға ресми жауап бере алады», - деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаменті өтініштерді қарастыруды ұйымдастыру және бақылау басқармасының бастығы полковник Дәурен Оразбеков.

         Айта кетейік, алдағы жоспарға сәйкес Қорғаныс министрлігінің арнайы  жұмыс тобы Өскемен, Аягөз және Үшарал қалаларын да  түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar