
«Kieli Tabigat» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 200 адам қатысты. Абай ауданының жастарынан құралған топ әуелі Ұлы бабаларымыздың рухына тағзым жасап, құран бағыштады.
Акцияға қатысушылар Абай музейінің, Шәкәрім кесенесінің маңын, Жидебай жерін қоқыс қалдықтарынан тазартты. Сенбілікке ауданның белсенді жастары қатысып, өз белсенділіктерін танытты.
Шара барысында Абай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аманғазин Төлеубек Аманғазыұлы табиғатты аялап, тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан аудан жастарына өз ризашылығын білдірді.