
"World clean up day" бүкіләлемдік экологиялық акция аясында "Бейбітшілік" аралында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке еріктілер, кәсіпорын қызметкерлері, әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, облыстық және қалалық әкімдіктің қызметкерлері шығып санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, қаланың әртүрлі бөліктерінде тұрғындардың қатысуымен сенбіліктер өтті. Коммуналдық қызметтер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жалғастыруда.
Айта кетейік, санитарлық тазалық науқаны 9 қазанға дейін жалғасады. Сенбіліктегі креативті фотоларыңыз бен видеоларыңызды инстаграмға #ТазаСемей2023 хэштегі арқылы жүктеп, арнайы дайындалған сыйлықтың иегері бола аласыздар.