
Бұған дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған бағыт бойынша конкурс жариялаған болатын. Конкурс нәтижесінде шарт «ЭкоBUS»ЖШС жасалды.
Өткен аптада қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, бірқатар ескертпелер жасады.
«Қоғамдық көліктің уақытылы қатынауына көңіл бөліңіздер. Автобустар желіден себепсіз шықпауы керек. Резервтегі автобустардың санын арттырыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.