USD491.7EUR531.28RUB5.07

Би Боранбай көшесіндегі магистральдық жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

08 қыркүйек 2023, 16:33
Семей қаласында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдарының басшыларымен Степной кентіне кіреберіс жол Би Боранбай көшесіндегі жолды жөндеу жұмысын тексерді.
Би Боранбай көшесіндегі магистральдық жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қазіргі таңда Би Боранбай көшесінде Курчатов қаласына шығатын жол мен «Миру мир» ескерткішіне дейінгі аралықта 4,5 км болатын жол жөндеу мен бордюрларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған аумақта ескі асфальт төсемін қырып тастап, орнына жаңа асфальт жабыны төселуде.

"Ағымдағы жылы 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 33 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жол ифрақұрылымын жақсартуға бағытталған шаралар Би Боранбай көшесінде жүзеге асырылуда. Жолда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол белгілерін орнатып, жол сызықтарын салу керек",- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Одан кейін қала басшысы Қашағанов, Жамақаев көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын тексеріп, Докучаев пен Қабанбай батыр даңғылындағы жер өткелдеріне барды. Жаз маусымында қаладағы 6 жер өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Қала басшысы Жамақаев көшесінің бойындағы аллеяға да барды. Кеңістікте орындықтар, қоқыс жәшіктері және ескі шағын сәулет нысандары алынды. Оның орнына балалар ойын алаңы мен спорт алаңдары, жаңа воркаут аймағын орнату жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar