Бүгін қала күні қарсаңында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 10 анаға "Батыр ана" атағын салтанатты түрде табыстады.
«Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.