
Тренингке Абай облысының қала, аудан және басқарамалардан 30-ға жуық маманы қатысуда.
Спикерлер қатарында Айнұр Қоскина, Диана Окремова, Гүлмира Біржанова және Марат Садыков сияқты көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар медиа-тренерлер мен журналистер бар.
Жиын барысында дағдарысқа қарсы коммуникациялар, әлеуметтік желілермен жұмыс, баспасөз қызметін заңнамалық реттеу, ақпаратқа тез қол жеткізу жайындағы ақпарат ұсынылады. Бұдан бөлек, өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсыну форматы мен сауатты баспасөз релизін жазу, БАҚ-пен тиімді диалог құру мәселелері қарастырылады.