
“Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз шкатурканы қырып, орнына бірнеше қабатты сылақ және бояу жағылады. 2022 жылы 16 үйдің қасбеті жөнделді. Ал биыл 2,5 есеге үйлердің санын ұлғайттық. Осылайша біз жыл сайын ескі үйлердің сыртын кезең кезеңімен жаңартамыз”,- деді тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, мердігер ұйымдардың басшыларына түстердің ұзақ сақталуын қатаң тапсырған болатын. https://t.me/semeyakimdigi/4844