«Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мына мекенжайда орналасқан: 071409, Абай облысы , Семей қаласы, Әуезов даңғылы, 111, телефоны: 33-98-29.
Кәсіпорынның негізгі қызметі:
1) жылу қуаты мен ыстық су өндіру және сату;
2) жылу көздері мен жылу желілерін жөндеу, пайдалану және бақылау;
3) жылу желілерін жобалау;
4) жылу қуатына арналған тарифті, монополияға қарсы заңдылықта белгіленген тәртіпте, мемлекеттік реттеудің өкілетті органының келісуі бойынша белгілеу;
5) өндірістік және өндірістік емес қызметті, соның ішінде: электр станциясын, сонымен бірге энергияның барлық түрі мен көздерін, соның ішінде: ешбір шектеусіз жылу мен электр қуатын өндіру, тасымалдау және тарату жөніндегі ешбір шектеусіз қызметті құру, ие болу, дамыту, пайдалану, өндіру және басқару.
Функционалдық міндеттері: кәсіпорындағы істің жай-күйі және мүліктің мақсатты пайдалануы мен сақталуы үшін меншік иесі мен мемлекеттік басқару органы алдында жеке жауапкершілік жүктейді; заңдылықтармен және осы Жарғымен белгіленген құзырет шегінде дара басқару қағидатында және дербес іс-әрекет жасайды, Кәсіпорын қызметінің мәселелерін шешеді; Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет жасайды, оның мүдделерін барлық органдарда қорғайды, Заңнамамен және осы Жарғымен белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, өзге келісімдер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; құрылтайшының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; штат кестесін бекітеді, еңбекті төлеу жүйесін белгілейді, Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, Кәсіпорын қызметшілері арасындағы міндеттерді бөледі; өз құзыры шегінде еңбек заңнамасына сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, көтермелеу шараларын қабылдайды және жаза белгілейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары, техникалық (техникалық ғылымдар мен технологиялар және т.б.), заңгерлік (құқықтану), экономикалық (қаржы, экономика және т.б.), басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемі бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Көрсетілген лауазымға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарын, осы кәсіпорының қызметі аясындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті кәсіби білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы бекіткен Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сонымен бірге оның кандидатурасын келісу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар, «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің ресми басылымында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде, тезтікпеге салынған мына құжаттарды «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Абай облысы , Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 45, 2-кабинет, телефоны: 35-36-90) тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген түйіндеме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе соңғы жұмыс орнында жасалған еңбек шартының, немесе жұмысқа қабылдау және еңбек шартын доғару туралы бұйрықтардың үзінділерінің көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы бекіткен үлгі бойынша денсаулығының жай-күйі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың қолдау хаттарын және т.б.) тапсыра алады.
Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген үміткерлер, үміткерлерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хабарландырған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Абай облысы, Семей қаласы, Мангилик ел көшесі, 45 мекенжайында орналасқан « Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шарашылық бөлімі» ММ-ң ғимаратында № 2 кабинетте әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (конкурс өткізетін жерге бару және қайту, пәтерде тұру және т. б.) азаматтар өз қаражаты есебінен төлейді.