USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы туралы

04 қыркүйек 2023, 17:21
2023 жылғы 31 тамызда қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы ұйымдастырылып өткізілді.
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы туралы

2023 жылғы 31 тамызда қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы ұйымдастырылып өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес қала кәсіпорындарында еңбек ақының, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар берешектерін жою бойынша қабылданған шаралар, еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі еңбек заңнамасын сақтаудың жай – күйі, қала кәсіпорындарының  «Еңбек  жолы»  және  «Парыз»  республикалық конкурстарына қатысуға дайындық барысы туралы мәселелер қаралды.     

Абай облысы бақылау басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімі бастығының, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының, Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының, жеке сот орындаушылары мен еңбекақы бойынша берешектері бар қала кәсіпорындары басшыларының ақпараттары тыңдалды.

Қала кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мәселелері талқыланды.

 «Еңбек  жолы»  және  «Парыз»  республикалық конкурстарына кәсіпорындардың  қатысуға дайындығы туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының ақпараты тыңдалды.

Пікір алмасудан кейін еңбекақы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар берешектерін уақытында жою бойынша, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша нақтылы тапсырмалар берілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar