USD502.47EUR525.83RUB5.68

Алғашқы қоңырау соғылды

04 қыркүйек 2023, 17:19
Бүгін барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн.
Алғашқы қоңырау соғылды

Биыл Семей қаласы бойынша 5800 оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттаса, қала бойынша жалпы 56 000 оқушы бар. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов №49 жалпы білім беретін мектепке барып, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

“Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде біздің қаламызда да көптеген оңды істер атқарылуда. Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда. Мұның барлығы балалардың сапалы білім алу алу үшін қабылданып жатқан шаралар”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Бүгін барлық қала мектептерінде қоңырау соғылып, ашық тәрбие сағаты мен түрлі тақырыптағы көрмелер қойылды.

 
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar