USD502.47EUR525.83RUB5.68

Семейде жаңартылған аулалар ашылды

04 қыркүйек 2023, 17:17
Бүгін білім күні мерекесіне орай 2 мекенжай бойынша күрделі жөндеу жүргізілген аулалар ашылды. 343 квартал 7-8 үйлер, Глинки көшесі 30-32 мекенжайлары бойынша жаңа аулалар пай­да­лануға берілді.
Семейде жаңартылған аулалар ашылды

Іс-шара барысында анима­тор­лар ойын-сауық бағдар­лама­ларын ұйымдастырып, тұрғын үй кешен­дерінің кішкентай тұрғын­дары үшін турнирлер өткізумен жал­ғас­ты. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр ауланы аралап, тұр­ғындарды мерекемен құт­тықтады.

Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласында 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. Биыл 180 тұрғын үйді қамтитын 70 ауланы күрделі жөндеуден өткізіп, әр жыл сайын аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу жоспарланған.

“1995 жылы осы үйге көшіп келдік. Содан бері ауламыз биыл ғана жөндеу көрді. Балаларымыз дән риза. Біз де кешкілікте үйден шығып, аулада отырамыз. Бұрын аулада гараждар ғана тұратын. Қазір бәрін алып тастап, керемет аула жасады. Осындай қуаныш сыйлаған облыс пен қала әкіміне алғысымызды айтамыз”,- деді Глинки 30 мекенжайының тұрғыны Бақытжан Аманбердіқызы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar