USD502.47EUR525.83RUB5.68

СЕМЕЙДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

31 тамыз 2023, 15:29
Конституция – мемлекеттің төлқұжаты іспетті. Тіліміз бен ділімізді қалай қастерлесек, Ата Заңымызды да сол биіктен түсірмейміз. Себебі, заңы жоқ ел егемен ел болмайды. Биыл Конституциямызға 28 жыл толды.
СЕМЕЙДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Осыған орай, Ертіс өзенінің оң жағалауында "Ата заңым- айбыным" атты салтанатты шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалғаннан кейін, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жиналған жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады.

"Ата Заңда бекітілген конституциялық нормалар бүгінде өзінің өміршеңдігін, заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Біздің Конституциямыз, ең алдымен, елдің бірлігі мен қоғамның қауіпсіздігін, ұлттар мен ұлыстардың ауызбірлігін, ең бастысы – жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайды”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Салтанатты шара меркелік бағдарламамен ұласты. Қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары “Қыран" театрландырылған қойылым қойды. Потриоттық бағыттағы әндер, викториналық сұрақтар, флешмоб ұйымдастырылды.

Ертіс өзенінің 1000-ға жуық адам жиналды. Семейліктер Конституция мерекесін қуанышпен қарсы алды.

"Қаламызда дәл осындай мерекелік концерт көңілімізден шығуда. Бүгңн концерттер, алаңда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз, бұл қуаныш пен бірліктің теңдесі жоқ атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын",- деді қала тұрғыны Динара Қуанышқызы.

Айта кетейік, күні бойы қалада түрлі іс-шаралар өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar