
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері кітап алмасу қашанда адамзаттың игі дәстүрінің бірі болғанын, қазіргі уақытта бұл ескі де жақсы дәстүрге жаңа технология белең алып «буккроссинг» атауы пайда болғанын атап өтті.
Ішіне кітаптар салынып әдемі безендірілген чемодандардан әр келуші кез-келген кітапты алып оқуға және жеке қолданыстағы басқа кітаппен алмастыру мүмкіндігін алады. Оқырмандар өздері оқыған кітаптары туралы пікірлерімен бөлісіп, қызықты танымдық сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, ОКЖ кітапхана-бөлімшелерінің мекен-жайы мен өткізіліп жатқан іс-шаралары туралы толық ақпаратпен бөлісу үшін қатысушыларға бетбелгілер, буклеттер мен жаднамалар тараттылды.
Адамдардың кітап оқуға және кітапқа деген қарым-қатынасын өзгертетін осындай шаралар кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы болып табылады.