
Анықтама: шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексімен, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ Премьер-Министр орынбасарының бұйрығымен бекітілген корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен реттеледі - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларымен.
Ережеге сәйкес жергілікті атқарушы орган халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат береді.
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2024 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігіне өтініш беру керек екендігін хабарлайды.
Өтініш Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу туралы қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Өтініш беру мерзімі: 2023 жылдың 1 қазанына дейін (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
Анықтама телефоны: 8 701 411 87 41, электрондық мекенжайы: e.nakipov@akimatabai.gov.kz