Ағымдағы жылы Восточный кентінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда А.Көшкінбаева көшесін асфальттау және борттық тастарды (бордюр) ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Усть-Каменогорская көшесінен ИТК колледжіне дейінгі жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Кенттегі мектепке апаратын бірнеше көшеге жарықтандыру жүргізу, қосымша қоқыс контейнерларын орнату жұмыстары жоспарға алынды. Сондай-ақ, Восточный кентіндегі Декоративная көшесінде аумағы үлкен қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.
“Семей қаласының әкімдігі қаланың шеткері аудандарын дамыту іс-шаралар жоспарын қабылдады. Қазіргі таңда қаланың орталығында ғана емес, шеткері кенттерде 9 қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыс маусымында іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тұрғындармен келісіп, жаз маусымна сол іс-шаралар жоспарымен жұмыс жүргізудеміз”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Восточный кентін толық аралаған қала басшысы санитарлық тазалыққа қатысты қала әкімінің бас инспекторына тиісті тапсырмалар берді.